USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

Алматылық жүргізуші 65 мың долларды иесіне қайтарып, 1000 теңге ғана алған

Алматы қаласының тұрғыны Әбен Нарынбаев көлікте 65 мың доллар мен 2 млн теңгесін қалдырып кеткен ерлі-зайыптыларға ақшасын қайтарып берген. Бұл туралы ол ұлттық арнадағы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Әбен Нарынбаев Алматы қаласындағы телеарналардың бірінде кәсіби оператор болып жұмыс істейді. Анасы Әмина екі ұлын жалғыз өсіріп жеткізген екен. Балаларын жастайынан адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеп өсірген.

Әбен жұмысқа келе жатып, жолда такси тоқтатқандарды ала кетеді екен. Сондай күндердің бірінде оператордың көлігіне ерлі-зайыптылар отырады.

«Таңертең жұмысқа бара жатқанымда жолда аға мен тәте такси тоқтатты. Үлкен кісілер. Көлікке мінбей жатып, екеуі бір-бірімен ұрысып тұрған. Аға алдында отырды. Тәте артқы орындыққа жайғасты. Екеуі жол бойы бір-бірімен ұрысып отырды. Оларды Мақатаев көшесіндегі Сызғанов емханасына жеткізіп тастадым. Сосын өзім бұрылып кетіп қалдым», – дейді Әбен Нарынбаев.

Оператор жігіт жолаушыларды түсіріп кеткеннен кейін, артқы орындықта телефон шылдыр ете түскенін айтады.

«Телефон даусын естідім. Сол кезде жақсы телефон болса алып алайын деген пендешілік ой да болды. Тоқтап қарасам, барсетке сөмке жатыр екен. Сөмкені ашып қарағанымда бірінші қолыма түскені екі миллион теңге, ал оның астында долларлар жатыр», – дейді ол.

Сол кезде кешке тәтесінің үйінен ала кет деп анасы хабарласады. Баласы қоңырау шалған анасына болған жайтты айтып берген. Ал анасы бірден ұлына ақылын айтып, сол адамдарды тауып алып, қаржысын өздеріне қайтаруын талап етеді.

Ал жары үйге алып кел, өзіміз пәтер жалдап жүрміз гой депті. Бірақ Әбен Нарынбаев анасының айтқанын орындап, қомақты ақшаны иесіне апарып берген.

Ақшаның иелері оператор жігітке рақметін айтып, қалтасына сыйақы ретінде ақша салған екен. Бірақ осыншама ірі көлемді ақшаны қайтарып берген адал жігітке 1000 теңге ғана ұстатқан. Әбен сол кезде біртүрлі болып қалғанын жасырмады. Дегенмен кейіннен қомақты қаржының иелері оператор жігітке қайта қоңырау шалып, кездесуге шақырған. Сыйақы ретінде 50000 мың теңге ұсыныпты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер2
Полатбек Жанбаев
Мен жыладым. Еріксіз жыладым. Анасы болған қандай жақсы. Алла біліп тұр ғой бәрін. Алланың сыйы бағасыз сый..... Ата-анаңа рахмет, кәсіптес інім.....
Марат
Полатбек Жанбаев
Мен жыладым. Еріксіз жыладым. Анасы болған қандай жақсы. Алла біліп тұр ғой бәрін. Алланың сыйы бағасыз сый..... Ата-анаңа рахмет, кәсіптес інім.....
Аллаға шукіршілік айту керек 1теңге берседе

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады