BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Алматылық қыз массасы 22 тоннадан асатын трамвайды сүйреді

Алматыда бойжеткен 50 жолаушысы бар трамвайды орнынан жылжытты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы Спорт лигасының мүшесі Дарья Нестерованың арқасында қалалық Көңілдіфест фестивалінде алматылықтар трамвайда соңғы рет отырды.

Қыз жалғыз өзі сым арқанның көмегімен аса ауыр трамвайды орнынан қозғалтты.

«22 тонналық трамвай мен оның үстінде отырған 50 адам. Ашық жаттығуға келсем, фестиваль өтіп жатыр екен. Достарым өз өнерлерін көрсетті, ал мен рекорд орнаттым! Менің бұл туралы сұрағаныме көп болды, ал осы жолы Леха @leha_power маған байқап көр деді. Леха: «Даша сенің қолыңнан келеді!», деді. «Менің қолымнан келді!» Жаңа рекордтар мен жетістіктерге дайынмын дедім ғой. Міне менің демалыстан кейінгі алғашқы рекордым. Достар барлықтарыңа рахмет, сендердің қолдауларыңсыз қолымнан келмес еді», - деп жазады Дарья Instagram парақшасында.

Көңілдіфест фестивалінде DEPO Evolution Park-та күні бойы шеберлік сыныптары, лекциялар, тренингтер өткізіліп, музыканттар өнер көрсетті. Жастар би билеп, спорттық және балалар алаңдары ұйымдастырылды.

Публикация от Нестерова Дарья (@darinesterova)

Көңілдіфест барысында маңызды эко- және әлеуметтік жобалар таныстырылды: Tazalyk бастамасының авторлары қоқысты бөлшектеп жинау үшін арнайы экобокстар орнатса, «ЖЫЛУ» бастамасының авторлары мұқтаж жандарға арнап киім-кешек жинады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер