BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Алматыға жылу қашан берілетіні белгілі болды

Фото: focus.ua

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады.

Басқарманың хабарлауынша, қаланың жаңа жылу маусымына дайындығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жыл уэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.

Айта кетерлігі, қалада биыл 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз желісі қайта жасалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер