BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алматыда 114 банк картасынан ақша ұрлаған алаяқ ұсталды

Қылмысқа әбден дайындалған күдікті банкоматтан ақша шешіп алу үшін банк карталарын қолдан жасап келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы ІІД тартқан мәлімет бойынша, К. есімді Алматы облысының тумасы қылмысқа жан-жақты дайындалып, тіптен Қытайдан пластик және ұсақ бұйымдарды жасайтын техникалық жабдық сатып алған.

«Алаяқ карточкалар тек жасап қана қоймаған, ашық дерек көздерінен әлеуеті жоғары адамдардың жеке деректерін біліп картаға енгізіп отырған. Одан кейін еш саспастан азаматтардың шотынан ақшаны шешіп ала берген. Ол білініп қалмас үшін аз ақша шешіп алып отырған, мәселен әр шоттан 10 мың теңгеден алған. 35 жастағы күдіктіден 114 жасанды карта алынған. Қазір ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Болат Тотыбаев.

Алматы ІІД-нің уақытша қамау изоляторында отырған күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер