BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Алматыда шөгінді көлдерді босату басталды - ТЖК

Фото: ТЖК

Алдын алу шаралары үшін республикалық бюджеттен 46 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Атап өтсек, Алматы қаласының маңайында 37 мореналық көлдер бар, олардың 15-і жарылуға қауіпті, қалған сегіз көл ең қауіпті ретінде анықталған.

«Морена көлдерінен суды жіберу үшін 2016 жылы қала әкімінің қолдауымен сатып алынған қуаттылығы (сағатына 400 текше метр), сағатына 180 текше метр диаметрі 315 мм болатын жоғары сапалы жаңа сорғылар бар. Олар бес көлге орнатылды (№13 бис, № 3 Қарғалы, №8 Ақсай, № 9, 10 Ақсай өзенінің сол жағалауы). Бұдан басқа, қосымша құбырлар Үлкен Алматының № 10, 11 өзендеріне орнатылды», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылға Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі ең қауіпті 8 көлді босатудың алдын алу жұмыстары жоспарланған. 8 көлдегі су массасының жалпы көлемі 1,5 млн. м.3 құрайды.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша шілде айында ауа райының орташа температурасы + 25 ° С болады деп күтілуде, бұл нормадан 1 ° С жоғары (қалыпты: 24 жылу). Ай сайынғы жауын-шашынның мөлшері (қалыпты: 45 мм) нормадан төмен болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ауа температурасында өзгерістер болып тұрады. Шілде айының үшінші онкүндігінде күндізгі ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

«Шөгінді көлдердің жағдайын қадағалау үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін сегіз посттарға тағы 13 маусымдық посттар қосылады. Аталған посттар қажетті тіршілікті қамтамасыз етуге арналған құрылғылармен, гидрометеорологиялық құралдармен және ВГҚ диапозонды байланыс құралдарымен жабдықталған модульді тұрғын үйлермен қамтамасыз етіледі. Бұл үйлер өткен жылы қала әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған болатын», - дейді мамандар.

Шөгінді көлдердің көпірлерінде эвакуациялық каналдарды кеңейту, тереңдету және тазалау үшін шағын экскаваторлар пайдаланылатын болады. Сорғы қондырғыларын (сөрелерде), сифонды түтіктерді, модульдік үйлерді және шағын экскаваторларды жеткізу үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ авиакомпаниясы тартылды.

Алдын алу жұмыстарына мердігерлік ұйымдардан 120 адам, «Казселденқорғау» ММ-нен 15 адам және арнайы техниканың 8 бірлігі қатысады.

Ағымдағы жылдың сел жүретін кезеңінде аэровизуалды және техникалық жұмыстар үшін ТЖ Комитетімен жүз ұшу сағаты бөлінді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер