BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматыда Денис Тенге ескерткіш қойылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір спортшының анасымен бірге болашақ мүсіннің эскизын жасап жатырмыз. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев спортшының үйіне мемориалдық тақта орнату кезінде айтты.
Әкім орынбасары майталман спортшыны еске алу үшін бірқатар шаралар өткізілетінін және алдағы уақытта ескерткіш бой көтеретінін айтып өтті.

«Денистің еліміз бен спорт үшін атқарған еңбегі орасан. Ол тек мәнерлеп сырғанаумен айналысып қана қойған жоқ, еліміздің көк туын желбіретіп миллиондаған отандасымыздың көкейіне мақтаныш сезімін ұялата білді. Оны есте сақтау үшін түрлі шаралар өткіземіз. Бүгін Денис тен атындағы Қор ашылады, оның офисі «Халық арена» спорт кешенінде орналасады. Сондай-ақ алдағы уақытта спортшыға арнап ескерткіш тұрғызамыз. Қазір спортшының анасымен бірге болашақ мүсіннің эскизын жасап жатырмыз. Ол алдағы жылдың көктемінде дайын болып қалады», -дейді әкім орынбасары.

Сондай-ақ ол қала әкімдігі жыл сайынғы Денис Тен атындағы халықаралық турнирді жоспарлап, бюджетке енгізгенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Тен тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер