BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматыда барлық базар жаңарады

Фото: photootchet - LiveJournal

Сауданы заманауи форматқа көшіру және салық түсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мегаполистің барлық базарлары жаңаратын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні еліміздің ең ірі қаласында 57 базар жұмыс істейді. Соңғы бес жыл ішінде қала басшылығы «қызыл жиекке» орналасқан, санитарлық нормалар мен мегаполистің архитектуралық келбетіне сай келмейтін 20-дан астам базарды жойды. Қазіргі кезде олардың орнына жүргінші аймақтары, қоғамдық көлік үшін кеңейтілген жолдар, жер үсті өтпелі жолдар пайда болды.

Дегенмен, қалада әлі де болса сауданың кішігірм талаптарына жауап бермейтін базарлар бар, ал кәсіпкерлер контейнерлер мен дүңгіршіктерде жұмыс жасауда. Қаланы одан әрі дамыту үшін мұндай базарлар алынуы тиіс. Жуырда ғана «Кар Сити» сауда орталығы алдындағы 100-ден астам сауда мен қоғамдық тамақтану нүктелері жойылды. «Рахат» базары маңын жалға беру мерзімі аяқталысымен оның айналасына қалалықтар үшін аллея жасау жоспарланған.

«Қазіргі кезде 16 базарды жаңарту жұмыстары жүзеге асты, олардың меншік иелері 16 миллиардтан астам инвестиция бөлді. Жыл аяғына дейін тағы да алты базар реконструкцияланады. Бесеуі модернизациялануда және жаңарту жұмыстары келер жылы аяқталады», - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшылығы базарларды модернизациялаудың бірқатар нақтылы шарттарын белгіледі, яғни оларда стационарлық нысан міндетті түрде салынуы, обьктілердің барлығы санитарлық -эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және көлік тұрағының болуы, еліміздің салық заңдылығы қатаң сақталуы тиіс, сонымен қатар кәсіпкерлер тіркеуден өтіп, POS-терминалдар мен кассалық аппараттардың болғаны жөн.

Базарларды модернизациялау қазірдің өзінде тиімді болуда. Соңғы жылда көтерме-бөлшек сауда айналымы қалада 3,4%-ға артып, 12,8 трлн. теңгені құрады. Бұған сауда алаңын мен сауда орындарының санын ұлғайту және кәсіпкерлер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету арқасында қолжетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер