BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда азаматтық қоғам дамуындағы университеттің рөлі талқылануда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Азаматтық қоғамның дамуындағы университеттердің ролі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Жиын барысында Қазақстан азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов биыл бұл ұйымның құрылғанына 15 жыл толып отырғанын айта келе, осы уақыт аралығында университеттердің белсенді рөлін байқалмағанын жеткізді.

«Республиканың барлық аймағындағы әр салада жұмыс істеп жатқан 500-ден аса ҮЕҰ Қазақстан азаматтық альянсы төңірегінде бірігуде. Дегенмен біз уақыт аралығында университеттердің белсенді рөлін байқай алмадық, алайда университеттің интелектуальды әлеуеті жоғары болып келеді», - дейді ол.

Сондай-ақ ол, Қазақстан азаматтық альянсының жұмысын жетілдіріп, үкіметтік емес секторлар, бизнес қауымдастық және мемлекет арасында өзара әрекеттестікті нығайтатынын жеткізді.

«Біздің мақсатымыз - біреу ғана, ол - Қазақстанда мықты азаматтық қоғам құру. Мықты азаматтық қоғам құрмай, нағыз күшті, ойлы мемлекетті құру мүмкін емес», - дейді Қожахметов.

Сөз арасында ол 27-28 қараша күндері Астана қаласында VII Азаматтық форум өтетінін және оған 850-ге жуық адам мен Елбасы қатысуы мүмкін екенін айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер