BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыда «артық» тұрғындарды баспанаға тіркемейтін жүйе енгізіледі

Алматыда шаршы метрге тиісті тұрғындар саны бойынша лимит арқасында қосымша азаматтарды тіркеуге қоюға рұқсат берілмейтін жаңа жүйе енгізіледі. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко «резеңке пәтерлердегі» тұрғындар санына жүргізілетін қандай да бір есеп жайында сұраған болатын.

«Алматыда мәслихатта мынандай бір шешім бар екенін білемін: бір адамға белгілі бір көлемде шаршы метр белгіленеді, соның нәтижесінде болашақта жүйе жаңа азаматты тіркеуге рұқсат бермейтін болады, себебі, пәтер алаңының көлемі бойынша рұқсат жоқ», - деді Оспанов Мәжілістегі үкімет сағатында.

«Алматылық әкімдіктің бұл оң тәжірибесін бүкіл республика бойынша таратып, жүйені әзірлеу талаптарының қатарына енгізу қажет деп санаймын», - деді Божко.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер