USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Алматыда алимент төлемеген 20 борышкер қамауға алынды

Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр. Қалалық прокуратура жауапсыз әкелерді іздестіріп, сот шешімін пысқырмағандарға қарсы арнайы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды almaty.tv.

Нәтижесінде бір апта ішінде жиырмадан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 32 адам жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қарызын өтеп үлгерген. Прокуратура қызметкерлері борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қолға алды. Комиссия құрамында жұмыспен қамту орталығының мамандары да қызмет атқарады.

Айта кетейік, жыл басынан бері жүзге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Алдымыздағы апта ішінде прокуратура күштерімен 20-дан астам борышкер қамауға алынды. Қатаң шара қолданылып жатыр. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 3 миллион теңгеден астам алимент өндірілген. Жалпы, біз кәмелет жасқа толмағандардың және аналардың конституциялық құқықтарын қорғап жатырмыз»,- деді Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының бөлім басшысы Ізбасар Масақбаев.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады