BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматыда әлеуметтік осал топтар үшін мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылады

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Алматыда бірқатар әлеуметтік мәселелер қарастырылған Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру бойынша мәжіліс өткізді. Бұл туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Жиын барысында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеру, сонымен бірге, ұжымдық келісім-шарттар жасау туралы айтылды.

«Атап айтсақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал таптарынан 1,3 мың маманға жаңадан тұрақты жұмыс орындары құрылады. Яғни мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнетке дейінгі жастағы тұлғалар және жастар үшін. Олардың барлығы жастар тәжірибесінен өткен және Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгінгеннен кейін қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа тартылған», -делінген хабарламада.

Оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бірқатар ұйымдар тұрақты жұмыс орындарын құруды көздеп отыр.

«Жалпы жыл сайын қысқа мерзімді курстардан 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін қабылданады. Оқыту 50 мамандық бойынша жүргізіледі, олардың қатарында «шаштараз ісі», «тігін ісі» және т.б. бар. Мамандық ерекшеліктеріне негізделген, курстың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін жалғасады», -делінген хабарламда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер