BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматы триатлон федерациясы журналитер арасында байқау жариялады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы триатлон федерациясы (АТФ) «Қазақстандағы циклдық спорт түрлері» тақырыбындағы журналистік жұмыстарға байқау жариялады.

Байқауға медиа-профессионалдар (журналистер, тілшілер, репортерлер), сонымен қатар, ҚР және ТМД фрилансерлері және блогерлері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты көпшілікке тарату, триатлон және барлық циклдық спорт түрлерін насихаттау (жүгіру, велоспорт, есу, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, жүзу, спорттық жүріс).

Негізгі ережелері – байқау хабарланған сәттен бастап 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін өткізіледі. Байқау өткізілуі туралы хабарландыру және оның нәтижелері Алматы триатлон федерациясының сайтына орналастырылады, БАҚ-та жарияланады.

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:

«Ең үздік радио қазақстан спорты туралы теле- және фотоматериал (сюжет, фоторепортаж, бағдарлама) (1-2 орын);

«Қазақстан спорты туралы ең үздік баспа материалы» (1-2 орын);

«Әлеуметтік желілердегі ең үздік спорт жарияланымы» (тек жеке аккаунттар мен авторлық жарияланымдар ғана қарастырылады, репостар, БАҚ беттерінің, ұйымдардың және т.б. жарияланымдары қабылданбайды) (1-2 орын);

2 орын – АТФ-тан ынталандыратын жүлде.

Байқауға ҚР-дағы циклдық спорт түрлеріне арналған және 2018 жылғы 1 маусымнан бастап 20 желтоқсанды қоса алған мерзім ішінде Қазақстанда және шетелдік БАҚ-та жарияланған мемлекеттік, орыс және басқа тілдердегі жұмыстар жіберіледі.

Бір автордан конкурсқа ұсынылған материалдар саны бестен аспауы тиіс.

Өтінімдер мен конкурс материалдары 2018 жылғы 01 желтоқсанға дейін «БАҚ үшін конкурсқа» белгісімен info@almatytriathlon.org e-mail-ына жіберіледі.

Байқаудың қорытындысы 2018 жылғы желтоқсанда салтанатты түрде және АТФ сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер