BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Алматы полициясы «102» қызметі операторларын екі есеге көбейтпек

Фото: gorod.dp.ua

Алматы Қоғамдық кеңесімен ынтымақтастық аясында Ішкі істер департаменті жұртшылықпен жұмыс істеу сапасын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруда. Бұл жайында Алматы ІІД-нің Жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі күні біздің операторлар ауысым бойынша жұмыс істеуде, бір тәулік бойы жұмыс атқарады, яғни бүгін жұмысқа кіріссе, ертең бірақ шығады. Әрине, бұл қызметкерге өте ауыр және оның жұмысқа қабілеттілігіне, нәтижесіне әсер етеді. Сондықтан біз Қоғамдық кеңестің ұсынысы бойынша абоненттерге қызмет көрсететін «102» арнайы желінің сапасын арттыру үшін ІІД Жедел басқару орталығының операторлар санын екі есеге көбейтеміз. Оның үстіне 2 ауыспалы жұмыс кестесі енгізіледі, яғни әр оператор 24 сағат емес 12 сағат жұмыс істейді. Бұл жедел әрекет етуге және абоненттерге уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізеді», -дейді Квашнин.

Сонымен қатар ол, қосымша мамандар аттестациядан өткен қызметкерлер арасынан жедел жасақталатынын айтып өтті. Ереже бойынша «102» қызметінің операторы болып тек аттестациядан өткен полиция қызметкерлері жұмыс істей алады екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер