BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Алматы облысында жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты ашылады

Талғар ауданындағы «Лесная сказка» демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағытталған «Апорт-Ақтас» тау шаңғы курортының жобасы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовқа таныстырылды. Жобаға бастамашы болған «Alina» компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев құрылыс жоспары мен нысан макетін көрсетіп, баяндап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлік Балфанбаевтың айтуынша, жоба аясында 12 аспалы жол, ұзындығы 31 шақырым болатын тау шаңғы трассасы, сол сияқты 700 төсек-орындық қонақ үй, мейрамханалар, кафе және басқа да нысандар салу көзделген. Келушілер саны жылына 724 мың адам, яғни күніне 12 мың адам болады деп күтілуде. 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, тартылатын инвестиция көлемі 31 млрд. теңге болады деп межеленіп отыр. Кешеннің басты ерекшелігі – оның жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндігінде.

«Тау шаңғы курортының жұмысы жыл маусымдарына тәуелді емес. Қысқы кезеңде тау шаңғысы, хоккей, конькимен сырғанау қызық болса, жазда велосипед теуіп, атқа мінуге болады. Яғни шаңғы жолдары жазда велосипед жолы ретінде пайдаланылады. Сөйтіп курорт туристердің жыл бойы демалуына қолайлы орын болмақ», - дейді Е. Балфанбаев.

Облыс әкімі Амандық Баталов туризмді дамыту жоспарланған жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері жағынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер