BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Алматы көшелеріндегі барлық қозғалыс жылдамдығы өлшенетін болады

Фото: Yvision.kz

Алматы, BAQ.KZ. Енді Алматы көшелеріндегі жылдамдықты өлшеу құрылғылары көше бойындағы барлық қозғалыстың орташа жылдамдығын өлшейтін болады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.

Алматы полициясы бұл жаңа тәртіпті осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске енгізбек. «Қауіпсіз жол қозғалысы» автоматтандырылған жүйесі аздаған техникалық түзетулерден кейін көше бойында жылдамдықты асырған фактінің бәрін тіркейтін болады.

«Жол-көлік оқиғасының басты себебі жылдамдықты асыру болып отыр. БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, орташа жылдамдық қозғалысын 1 км/сағатқа азайту апат пен жарақат деңгейін 3% төмендетеді екен. Қазір қолданылып отырған жылдамдықты тіркеу құрылғылары тек арнайы орындарда ғана қойылған, көпшілік сол жерге келгенде жылдамдықты азайтып, ары қарай қайта үдетеді. Осыған байланысты барлық қозғалыс бағдарының орташа жылдамдығын тіркейтін әдіс қолға алынып отыр, ол жүргізушіні жол бойы жылдамдықты асырмай, шектеп отыруға мәжбүрлейді», - дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер