BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Алматы көшелерінде тегін тамақпен толтырылған тоңазытқыштар пайда болды

Фото: КТК

Алматыда тегін тамақпен толтырылған қоғамдық тоңазытқыштар пайда болды. Енді азық-түлікке мұқтаж жандар керегін содан ала алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бұрын мұндай қайырымдылық жоба шетелде іске қосылған еді. Қазақстанда енді ғана таныла бастады. Бұл елімізде фудшерингті немесе азық-түлікпен алмасуды дамытудың бірінші кезеңі. Мұндағы мақсат – тамақты ысырап етпей, мұқтаж жандармен бөлісу.

Алматыдағы көшелердің бірінде іске қосылған қоғамдық тоңазытқыш дүкеннің жанына қойылған. Тоңазытқыштың іші де сол дүкендегі азық-түлік өнімдерімен толтырылып тұрады.

«Мұндай идея шетелге барып келгеннен кейін ойыма келді. АҚШ-та болғанымда, бірнеше қалада дәл осындай тоңазытқыштар көрдім. Кез келген адам тоңазытқышты ашып, өзі қалаған тамағын алып жатты. Тоңазытқышқа жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын өнімдер қойылады, әдетте оны мейрамханалар толтырады. Менің ойымша, бұл тек қайырымдылық қана емес, адамдарды азаматтық жауапкершілікке үйрететін пайдалы іс», - дейді жобаның негізін қалаушы Әлихан Байқоңыров.

Елімізде жұл жобаны үш адам іске қосты. Олар, әуелі, алғашқы қоғамдық тоңазытқыш сатып алған. Әу баста, тоңазытқышқа қойылатын өнімдерді адамдардың өздері әкелсін деп шешкен. Кейін мұның салдарынан улану , тағы басқа келеңсіз жәйттер көбеюі мүмкін екенін ескеріп, бұл ойдан бас тартыпты. Сөйтіп, тоңазытқыштағы азық-түлікті дүкен иелері толтырып тұрсын деген шешімге келген. Сауда орындарының қожайындары да бұған қарсы емес сыңайлы.

Аталған жобаға Қазақстанның басқа да қалалары қосыла бастады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер