BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Алматы халықаралық әуежайына жаңа президент тағайындалды

Фото: forbes.kz

2018 жылдың 12 маусымынан бастап Болат Ержанов Халықаралық Алматы әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін ол жүк тасымалдауды ұйымдастыру директоры міндетін атқарып келді. 11 маусым күні әуежай президенті Айбол Бекмұхаметов өз еркімен қызметінен кетті. Ол аталған әуежайды 2009 жылдан бері басқарған-ды.

Болат Ержанов өзінің еңбек жолын Қазақ азаматтық авиация басқармасы Павлодар біріккен әуе отрядында бастаған. Сол жерде 1997 жылға дейін жүк тасымалдау қызметінің басшысы міндетін атқарған.

1997-2003 жылдар аралығында «Иртыш Авиа», «Эйр Қазақстан» компанияларында, 2003 жылдан бастап Алматы халықаралық әуежайында түрлі жетекші қызметін атқарған.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайында жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша директор қызметін атқарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер