BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматы әлемдегі ең қауіпсіз қалалар қатарына енді

Фото: rycetravel.com

Әлемдегі қылмыс статистикасын салыстыратын Numbeo сервисі 2018 жылдың ең қауіпсіз қалаларының тізімін жасады. Ол тізімге Алматы қаласы да кірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сервис мамандары 327 қаланың қылмыстық деңгейіне сараптама жасап, БАӘ-нің Абу-Даби қаласын ең қауіпсіз астана деп таныған. Мұндағы қылмыс индексі 13,63 пайызды құраса, қауіпсіздік индексі 86,37 пайыз болған.

Одан кейінгі орында Катардың Доха қаласы тұр (қауіпсіздік индексі – 14,48 пайыз), ары қарай Швейцарияның Базель қаласы тұр. Сонымен қатар, қауіпсіз ондыққа Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих қалалары кірген.

Ару қаламыз Алматы 112 орында. Аталған сервис ақпаратына сәйкес қылмыстық индексі 50,6 және қауәіпсіздің индексі 49,94 пайызды құраған.

Numbeo порталының нұсқасына сәйкес БАӘ-нің Абу-Даби қаласы 2017 жылы да әлемнің ең қауіпсіз қалалардың тізімінде көш бастаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер