BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Александр Вучич діндер съезіне жоғары баға берді

Фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Республикасының президенті Александр Вучич әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына жоғары берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2003 жылы Қазақстан президентінің әлемдік дін басшыларының басын қосу туралы бастамасы нәтижесінде барлық дін басшылары өздерінің құнды идеяларымен бөлісіп келеді. Ислам діні, православ діні, өзге де діндердің өкілдері бас қосқан осы жиында мен де өз пікірімді білдірсем деймін. Яғни бәріміздің мүддеміз, міндетіміз – әлемдегі өркениетті қорғау. Осы форумға қызығушылық танытуымыздың себебі - мұнда тұрақты диалогтың болуы», - деді мемлекет басшысы.

Александр Вучичтің пікірінше, түрлі дін өкілдерінің бір үстелде бас қосуы әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға септігін тигізеді екен.

«Қазіргі таңда дін көшбасшылары – әлемдік деңгейдегі беделді тұлғалар. Сондықтан олардың айтқан идеялары, негізгі ілімдері құндылықтарға негізделеді. Геосаясат өкілдерінің дін басшыларының сөздеріне құлақ аспайтын кездері бар. Ал түптеп келгенде әлемдік дін басшыларының идеясы - халықаралық құқыққа негіз болып отырғанын атап өткен жөн. Әрбір адамның жеке басын құрметтемейінше, біз тұрақтылыққа қол жеткізе алмаймыз», - деп түйіндеді сөзін Сербия президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер