Алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады - Қоғам|08 Қаңтар 2018, 13:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар ауысады. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген өңірлерінде алдымен жылы, сосын суық атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасының жоғарылауы және көктайғақ болады деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер