Алдағы үш күнге ауа райы болжамы - Қоғам|10 Тамыз 2018, 14:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 11-13 тамыз аралығында елдің басым бөлігінде температураның төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсуі жалғасуда, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр, кей жерде күшті күн күркіреп, қатты дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде температураның 5-15 дейін, күндіз 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі ықтимал.

Батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуімен күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер