BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Республикадағы ауа райының өзгеруін анықтайтын кең ауқымды антициклон Батыс Сібірге қарай баяу жылжуда, енді күн жылынып, онымен бірге аяз да сынады. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны құрылады. Сондықтан алдағы екі тәулікте көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал 10 ақпанда жағдай өзгереді: солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардағы биіктік циклонының ықпалынан, кейбір жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады», - деп жазылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер