BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанға арктикалық ауа массалары түсе бастайды. Соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, ал алдағы үш тәулікте ол төмендейді және әдеттегі нормадан 3.....8°С төмен болады. Күн салқындап қана қоймай, жауын-шашынды, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, нағыз қысқы ауа райының нышаны айқындала түседі. Боран, солтүстік-батыстан күшті жел соғып, түнгі уақытта 10-15 градусқа дейін салқындап, кей жерлерде 20 градус аяз болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер