BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: liter.kz

Астанада алдағы үш күнде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

8 тамызда көшпелі бұлт болғанмен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болмақ. Түнде ауа температура +15…+17°С, күндіз +28…+30°С болады.

9 тамызда да көшпелі бұлт болып, жауын-шашынсыз болмақ. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +31…+33°С болмақ.

10 тамыз күні көшпелі бұлт болып, күндіз жауын, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температура түнде +18…+20°С, күндіз +29…+31°С болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер