BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Алдағы үш күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде республиканың көптеген облысы жоғары циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7оС төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады.

12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын, кей жерлерде қатты жаңбыр жууы болжанады. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп, жайылма болуы ықтимал.

10 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы территориясының 22%-да, Жамбыл облысы территориясының 3%-да, Оңтүстік-Қазақстан облысы территориясының 3%-да қар жамылғысы бары анықталды.

12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып су деңгейі көтеріліп, арнасынан асу қаупі болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер