BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Алдағы күндері күн суытады

«Қазгидромет» РМК 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон жылжып, уақытша жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы көтеріледі.

Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстіктің кей жерлерінде ылғалды қар аралас жаңбыр жауады. Батыста ауа температурасы 0+5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуынан солтүстік-шығыста найзағайлы жаңбыр болып, республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында күн суытады. 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер