Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суық болады - Қоғам|16 Мамыр 2018, 17:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суық болады

«Қазгидромет» РМК 17-19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райын төменгі атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Осы кезде бұл аймақтың кейбір жеріне өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал батыста ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Батыс Сібірден арктикалық суық фронт жылжып келеді, ол суық пен жауын-шашын, кей жерлерде сулы қарға айналады. Жаңбыр жауып, ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанады», - деп жазылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер