Алдағы екі күнде Астанада жаңбыр жауады - Қоғам|16 Мамыр 2018, 22:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Алдағы екі күнде Астанада жаңбыр жауады

Мамыр айының 16-18 күндері Астанада жаңбыр жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

16 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп жел солтүстік-шығыстан 5-10, желдің екпіні күндіз 14 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +16...+18°С.

Ал, 17 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз жауын жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 жылдамдықпен соқса, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +10...+12°С.

18 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп батыстан 7-12 жылдамдықпен соқса, күндіз жел екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +13...+15°С.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер