BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ақтөбелік жас жұбайлар той күнінде балалар үйіне тарту жасады

Фото: aktobenews.kz

Шаңырақ көтеріп жатқан жастар қаладағы «Үміт» сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Той болатын күні күндізгі серуеннің орнына олар қайырымдылықпен айналысуды жөн көрген. Жас жұбайлар сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.

«Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып, бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», - дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер