BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеді

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы полиция департаментінің мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде өңірде әсіресе жасөспірімдер арасында қылмыс азайды.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше ағымдағы жылдың 10 айының қортындысы бойынша жасөспірімдермен жасалынатын қылмыстар саны 2,3 % пайызға, бұрын сотталғандармен 32 % пайызға, алькогольді ішімдік ішкен күйінде 18 % және тұрмыстық құқықбұзушылықтар 12,5 % -ға азайды.

Сонымен қатар, ювенальды полиция испекторлары күн сайын аулалар мен саябақтарды, скверлерді, жастардың көп шоғырланатын жерлерін және көңіл көтеру орындарын жиі қадағалап,рейдтік шаралар өткізу барысында олардың түнгі мезгілдерде заңды өкілдерінсіз жүргендері мен суық және оқ қаруын заңсыз сақтау фактілерін анықтауға да жіті назар аударды.

Полицияның патрульді жасақтары көңіл көтеру мен ойын-сауық орындарын жіті назарға алады.

Өткен аптада ішкі істер органдарына 100-ге тарта жасөспірім әкелінді. Олардың 50-ден астамы түнгі мезгілде заңды өкілінсіз өз беттерімен жүргендер боп шықты. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жыл басынан бері облыс аумағында қару қолданып жасалынатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қару» жедел профилактикалық іс шарасы қолға алынып, полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 7 атыс қаруын тәркіледі. Сондай-ақ, азаматтық қаруды сақтау ережесін орындамағаны үшін 50 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 қару тәркіленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер