BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды

ҚР Бас прокуратурасы Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері Э.Кадыровтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы айтты.

«13 қарашада Ақтөбе қаласында Бас прокуратураның Тергеу департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесе отырып ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабында («Пара беру») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Э.Кадыровты ұстады», - деп хабарлады ведомствода.

Э.Кадыров ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 131 бабына сәйкес Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторында орналастырылды. Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер