BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ақтөбеде нигериялық азамат отанына қайта алмай жүр

Фото: newtimes.kz

Манас Огарайо Нигериядан Ақтөбеге ағылшын тілін үйрету үшін келген. Ол Қазақстанда белгіленген мерзімнен ұзағырақ уақыт жүріп, көші-қон туралы заңды бұзғандықтан, еліне қайта алмай жүр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Нигерияның 34 жастағы азаматы Ақтөбеде теміржол маңындағы қонақ үйде тұрып жатыр. Жергілікті тұрғын ақшасы таусылған шетелдік азаматты өз қамқоршылығына алған. Басқа адамдар оны тегін тамақтандырады. Қоңырау шалуға ақшасы болмағандықтан, отбасымен әлеуметтік желі арқылы хабарласады.

«Өз еліме оралуды армандаймын. Ақтөбеде жүрген кезімде әкем қайтыс болды, әпкем ауыр жағдайда. Қазір менің ақшам жоқ, денсаулығым да сыр бере бастады. Егер еліме оралсам, ең бақытта адам болар едім», - дейді ол.

Шетелдік азамат Ақтөбеге ағылшын тілін үйрету үшін келген. Ғаламтордағы хабарландыру бойынша жұмыс іздеп келген ол басшылықпен сөзге келіспей қалған. Ол Қазақстанда болуы керек мерзімді өткізіп алған.

«Нигерия азаматы көші-қон туралы заңды бұзғандықтан, Ақтөбе қалалық әкімшілік соты Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта облыстық ІІД көші-қон қызметі бұл мәселемен айналысып жатыр», - дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Әкімшілік іс қозғалып, сот шешімі шықты. Енді Манас Огарайо ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылады. Ал оған дейін ақтөбеліктер шетелдік азаматты өз қамқоршылықтарына алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер