BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақтөбеде 30-ға жуық сайт бұғатталды

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 30 интернет-сайттың жұмысы тоқтатылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, бұғатталған сайттардың көбі бөтеннің мүлкін тонауға итермелейді.

- Сот шешімімен бұғатталған сайттар тыйым салынған заттарды саудалаған. Мысалы, автокөлікке орнатылған күзет жүйесін сканерлейтін кодграберлер мен құлыптарды кедергісіз ашатын кілттер жиынтығын сатқан. Біз ұсынған материалдарды саралай келе сот шағымды қанағаттандырды, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы.

Прокуратураның мәліметінше, азаматтар аталған сайттардан тыйым салынған тауарларды сатып алған және оларды пайдаланып та үлгерген. Осыған орай жүріп жатқан жедел іс-шараларды прокуратура бақылап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер