Ақмола және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды - Қоғам|04 Тамыз 2018, 15:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Ақмола және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысы мен Астана қаласында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

5 тамыз күндіз, 6-7 тамызда тәулік бойы Ақмола облысының кей жерінде найзағай болады. Кей жерінде шығыс бағыттардан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ал Астана қаласында 5, 7 тамызда найзағай болады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының басым бөлігінде ауа температурасы 42 °С қатты ыстық, кей жерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер