BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақмола облысында судьяны өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна Бердіқұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Әбдірахманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімі 13 қараша күні шықты. Сот Медет Әбдірахмановты ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 188 және 384 баптары бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар сотталушы зардап шеккен тарапқа материалдық және моральдық шығын ретінде 10 миллион теңгеден аса ақша төлеуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова өз үйінде өлі күйінде табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде 1985 жылы туған ер адам ұсталған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер