BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ақмола облысында 8 айда 99 көлік өртенген

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2018 жылдың 8 айында облысы аумағында автокөлік құралдарында болған өрттерге талдау жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сараптама нәтижесі бойынша облысы аумағында 8 айда 99 өрт тіркелген. Бұл өткен 2017 жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда 25,2% артық. (2017 ж.-74 оқиға тіркелген).

Тексеру барысында 1991 жылдан 2000 жылғы аралықта шыққан көліктер жиі өртенетіні анықталған. Яғни өртенген 99 көліктің 42,4 пайызы немесе, 42 көлік.

Ал өртке оранған көліктер қатарында 2001 жылдан 2010 жылғы аралықта өндірілген көліктер 33,3% (33 авто) болса, 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі өндірілген көліктердің өртену көрсеткіші - 20,2% (20 авто). Бір қызығы 90 жылдарға дейінгі шыққан автомобильдер сирек өртенген - 4% (4 авто). Бұл өңірде ескі көлік аз екенін көрсетсе керек.

Өртенген көліктердің 74-і жеңіл автокөлік (74,7%), 17-сі жүк көлігі (17,1%) болса, 6-ы трактор (6%,), екі автобус (2%).

Ал осы автокөліктердің өртенуінен келетін шығын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өскен. Яғни, былтыр 20 млн 781 мың теңге болса, бұл көрсеткіш биыл 75 млн 775 мың теңгеге жеткен.

Биылғы көлік құралдарында тұтанған өрттің негізгі себептері қозғалтқыш бөлігінде және автомомбильді басқару панелінде электр сымдарының тұйықталуынан болған. Нақты айтар болсақ, осы себеппен 81 (81,8%) өрт тіркелсе, 10 (10,1%) оқиға жанармай және түтін шығару жүйесінің жарамсыз жағдайымен байланысты. Ал отты абайсыз қолдану салдарынан 4 (4%) өрт шықты. Мысалы, қыздыру лампасымен қозғалтқышты қыздыру, темекі шегу, киізбен қозғалтқыш бөлігін жылыту және т.б. оқиғалар өрттің тұтануына себеп болған.

Сараптама нәтижесі анықтағанда, автокөлікті қасақана өртеу жағдайы да тіркелген. Мұндай жағдай бойынша 4 (4%) оқиға анықталып отыр.

Көлік өртін болдырмау үшін жүргзушілеріне төмендегі талаптарды сақтау керек:

1. Өрт сөндіргіш сайманды көлікте қол жетімді жерде ұстау;

2. Электр сымдарын жарамды жағдайда ұстау, ол үшін ұдайы техникалық байқаудан өтіп тұру;

3. Өрт сөндіргішті тек қана мамандандырылған дүкендерден сатып алу және оны үнемі дайындығын тексеріп тұру;

4. Бұрын мінілген автомобильді алған кезде оның электр сымдарының бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер