BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Абаев: Стартаптар – кадрлар даярлауда керемет ұстахана

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттің адами капиталды дамытуға зор назар аударып отырғанын айтты.

«Неге біз мұндай шара ұйымдастырамыз, Astana Hub ашайын деп отырмыз. Менталды мінезді өзгертуді қалаймыз. Ертең немесе бүрсігүні бірден «фейсбук», «гугл» сияқты алыптар пайда бола салмайтынын жақсы түсінеміз. Біз үшін кәсіпкерлік мәдениеті деп аталатын IT мамандарға қаржы салу маңызды. Сол себепті біз менталды мінезді өзгертуді мақсат етеміз. Бұл өте маңызды», - деді Дәурен Абаев.

Министр стартаптардың кадрлар даярлап шығаруда керемет шеберхана екенін атап өтті.

«Стартапшылар технологиялық ойлау қабілетіне ие ғана емес, сондай-ақ олар белгілі бір затты «нөлден» бастап жасап шығады. Осындай балалармен болашағымыз жарқын болмақ. Нарығымыз шағын екенін түсінеміз, сол себепті осында жасалатын стартаптардың барлығы жаһандық бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Біз осыған барлық күшімізді жұмсаймыз», - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Ол мемлекет үшін ең бастысы адами капиталды дамыту болып отырғанан айтты.

«Біз үшін, мемлекет үшін ең маңыздысы инфрақұрылым емес, үш жылдың ішінде жеткізетін 20 мың км кабель емес, бұл тіпті Astana Hub емес. Басты мақсатымыз – адами капиталды дамыту. Сіздермен бірге адами капиталды дамытуда болашағымыз жарқын болмақ», - деді министр.

Ол Digital Bridge термин болып сақталып қалатынын және форум дәстүрлі түрде өтетініне сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер