BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Абаев Әблязов парақшаларын бұғаттауға қатысты пікір білдірді

Фото: Kursiv.kz

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Әблязовтың әлеуметтік желілердердегі парақшаларын бұғаттауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әблязов басқаратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысы экстремистік ұйым болып танылған болатын.

«Мен сот шешімімен танысуым керек. Үкім он күннен кейін заңды күшіне енеді. Бұл ұйымды экстремистік ұйым деп таныды, демек Қазақстан аумағында орындалуы міндетті сот шешімі де осыған тікелей байланысты болмақ. Барлық шараны сот шешіміне сәйкес қабылдаймыз. Әр жағдайды жекелей қарастырған жөн. Егер Қазақстан азаматтары тыйым салынған және экстремистік деп танылған ұйым туралы ақпарат тарататын болса, заң жүзінде жауап беретін болады. Біз бұл жағын қарастырып, қажетті шаралар қолданамыз», - деді Абаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер