BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі — министр

Фото: 24.kz

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірінші бағытын жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ұлттық банк әзірлеген меxанизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгіземіз. Бұл өзгерістер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдарын беру талаптары қайта қаралады», - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жыл сайын бөлінетін қаржыны 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер