BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

6-8 қараша аралығындағы ауа райы болжамы

Фото: halyq-arna.kz

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК өкілдері 6-8 қараша аралығына ауа райы болжамын ұсынады.

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын, тұман болып ауа райы құбылмалы болуы мүмкін.

Республиканың басым облыстарында күзгідей жиі жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашын, сондай-ақ тұман және көктайғақ Батыс Сібір аймағынан жылжыйтын атмосфералық фронттармен байланысты болады. 8 қарашада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, әсіресе тау бөктері және тау белдеулерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы орташа көпжылдыққа жақын болжанады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер