BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Астанада 5 қоғамдық автобустың бағыты уақытша өзгереді

Фото: sputniknews.kz

12 қыркүйекте Тұран даңғылы бойында Сығанақ көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты жол ішінара жабылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№ 40 бағыт алғашқы «Темір жол вокзалы» аялдамасынан Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары Қабанбай батыр даңғылымен тура ауруханалар ауданына кіреді, ал ары қарай әдеттегі кесте бойынша. Ал кері бағытта «Клиникалық оңалту кешені» аялдамасынан Қабанбай батыр даңғылы – Алматы көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары оңға Алматы көшесіне, оңға Сауран көшесіне, Қабанбай батыр даңғылынан оңға ары қарай әдеттегі кестеге сәйкес қозғалады.

№ 50 бағыт алғашқы аялдама «Бал бала» балабақшасы Сығанақ көшесі – Тұран даңғ. дейін өзгеріссіз, одан ары солға Сығанақ көшесіне, оңға Қабанбай батыр даңғылына ауруханалар ауданына соғады, солға Керей, Жәнібек хандар көшесіне, ары қарай әдеттегі бағытқа сәйкес. Кері бағытта «ЖМ «Промышленный» алғашқы аялдамадан Қабанбай батыр – Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін өзгеріссіз, одан ары оңға Қабанбай батыр даңғылына, солға Достық көшесіне, оңға Тұран даңғылына ары қарай әдеттегі бағыт бойынша.

№ 51 бағыт бастапқы «№ 2 Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасынан бастап Сығанақ көш – Қабанбай батыр даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Қабанбай батыр даңғылы мен ауруханалар ауданына кіреді, ары қарай әдеттегі бағыт бойынша. Кері бағытта «ЖМ «Пригородный» бастапқы аялдамасынан Қабанбай батыр даңғылы - Алматы көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары оңға Алматы көшесіне, оңға Сауран көшесіне, оңға Қабанбай батыр даңғылына, одан ары әдеттегі сызба нұсқа бағыты бойынша.

№ 53 бағыт «Шапағат» базары аялдамасынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейін – Тұран даңғылына дейін өзгеріссіз, ары қарай Сығанақ көшесіне солға, Қабанбай батыр даңғылынан оңға медицина мекемесіне тікелей қатынайды, әрі қарай әдеттегі сызба нұсқа бағыты бойынша. Кері бағытта «Клиникалық оңалту кешені» аялдамасы бағытынан Қабанбай батыр даңғылының қиылысына дейін – Алматы көшесі өзгеріссіз, ары қарай оңға Сауран көшесі, оңға Қабанбай батыр даңғылы, солға Достық көшесіне дейін, оңға қарай Тұран, ары қарай әдеттегі сызба кестесіне сәйкес қозғалады.

№ 61 бағыт № 81 мектеп-лицейдің аялдамасынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейін – Тұран даңғылы өзгеріссіз, ары қарай тікелей Сығанақ көшесі, оңға Қабанбай батыр даңғылынан медицина мекемесі ауданын тікелей айналып өтіп, солға Керей, Жәнібек хандар көшесіне жүреді, ары қарай әдеттегі сызба кестесіне сәйкес қозғалады. Кері бағытта «Жылутранзит» аялдамасынан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейін – Керей, Жәнібек хандар көшесі өзгеріссіз, ары қарай оңға Қабанбай батыр даңғылы, оңға Достық көшесінен оңға қарай «Нұр Астана» мешітінен өтіп, оңға Сығанақ көшесіне барады, ары қарай кестеге сәйкес қозғалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер