BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды зонада орналасқандықтан, ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер