BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады.

Солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте, шығыста жел болады. Еліміздің кей жерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын жүреді.

Aлматы облысының түнде кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола, Aтырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Павлодар, Маңғыстау облыстарының түнде кей жерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер