BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

3 желтоқасанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, ауа райы аязды болады. Тек солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстік-батыста жауын-шашын, жел және бұрқасын соғады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде ақжорға жүреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер