USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

30 қарашаға жұлдыз-жорамал

Baq.kz порталы назарларыңызға 30 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалды ұсынады.

Тоқты

Бүгін болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыз қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.

Торпақ

Сыртқы келбетіңізге де бір сәт көңіл бөліңіз. Бүгінгі күн сауда-саттық үшін қолайлы болмақ. Біліміңізді тереңдетіп, мамандығыңыздың майталманы болу өз қолыңызда. Жұмыста/оқуда кездескен кейбір олқылықтар сіздің атыңызға кір келтіре қоймайды.

Егіздер

Сабыр сақтаңыз. Барлық адамда кемшілік болады. Сол секілді сіздің де кемшіліктеріңіз көп. Қателіктеріңізден сабақ алып үйреніңіз. Істеріңізді ретке келтіріп, жаңаша жұмыс істеу тәсіліне көшіңіз.

Шаян

Ойларыңызды құпия сақтаңыз. Қаржылық жағдайыңыз реттеліп, ісіңіз оңға басады. Отбасыңызда бақытқа кенелесіз. Әлеуметтік проблемалар да артта қалады.

Арыстан

Достарыңызбен қарым-қатынас жасауда абай болыңыз. Асығыс шешім қабылдаудан сақтаныңыз. Келешек жоспарларыңызға көбірек мән беріңіз. Бір сәт дем алып, денсаулық жағдайын да бақылаңыз.

Бикеш

Достарыңыздан жағымды ұсыныс түседі. Нақты жоспарларыңызды іске қосыңыз. Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. Бір нəрсе сатып алудан бас тартыңыз. Есесіне қыдырып, жақсылап бір демалыңыз.

Таразы

Уақытыңызды босқа ысырап етпесеңіз, көптеген идеяларыңызды іске асыруға мүмкіндігіңіз зор. Ақыл мен сабырға жүгіне отырып, көптен толғандырған мәселенің басын ашып аласыз.

Сарышаян

Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедергілер болуы мүмкін. Алайда сіздің тапқырлығыңыз басшылықтың пікірін өзгертеді. Армандарыңыз шындыққа айнала бастайды.

Мерген

Сіз жұмбақ сұрақтар мен шытырман ойлардың шырмауында жүрсіз. Жалған ақпараттар мен жарнамалар сіздің көзқарастарыңызды бүркемелеп алған. Қарым-қатынасыңыздың көкжиегі кеңейіп, жаңа кездесулер шырғалаңнан құтқарады. Ұсақ-түйек проблемаларға бас қатырмай-ақ қойыңыз.

Тауешкі

Бүгін жай ғана өзіңізге демалыс арнаңыз. Тым болмаса, қала сыртына шығып, серігіп қайтыңыз. Кешке өміріңізге оң өзгерістер әкелетін кездесулер, жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Жаңа қырларыңыз ашылып, ісіңіз оңға басады.

Суқұйғыш

Зұлым адамдардың тұзағынан сақтаныңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, сырт көзге әлсіздігіңізді байқатпаңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізге ғана сенім артып отыр. Сондықтан мықты болуыңыз керек.

Балықтар

Абыр-сабырға толы күн болмақ. Өзгелердің пікіріне құлақ асып, көзқарасымен бөлісіп үйреніңіз. Шығармашылық шабытыңыз шарықтап, бас айналдырар мақтауларға ие боласыз. Бірақ кімнің қалай мақтағаны мен сол мақтауларға шын лайықтысыз ба, өзіңіз саралап, нәтиже шығара білу өзіңізге байланысты.

Дереккөз. vk.com

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 08:21
8 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
07 Желтоқсан 2016, 08:44
7 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады