BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

2021 жылға дейін 1249 елдімекен жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады

Фото: мұрағат

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алдындағы есептік кездесуінде азаматтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елдегі интернет инфрақұрылымын дамыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Бүгінде 13 миллион тұрғын жылдамдығы жоғары интернетті пайдаланады. Тұрғын саны 10 мыңнан басталатын елдімекендер 3G байланыс стандартымен, ал 50 мыңнан жоғары тұрғыны бар елдімекендер 4G стандартпен қамтылған. Былтыр еліміздегі барлық аудан орталығы байланыстың 4-буынымен қамтылды», - деді министр.

Абаев министрліктің ендігі міндеті ауылдық жерлерді кең жолақты интернетпен қамту болып отырғанын атап өтті. Мұны мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Осы үшін жоба аясында 2021 жылға дейін 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1249 елдімекенді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтимыз. Жылдамдығы жоғары интернет ауыл шаруашылығын цифрландыру, білім беру мен медицина саласы сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту секілді ауылдағы кешенді мәселелерді шешетін болады», - деді Абаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер