BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

2019 жылы Астананың оң жағалауында веложол салынады

Фото: kazpravda.kz

Астаналық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы велосипед транспорты мен инфрақұрылымын дамыту жобасын әзірледі. Оның шеңберінде 66 шақырым веложол салудың құрылысы қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Веложол құрылысы 2 кезеңнен тұрады.

«Жалпы жоба 6 учаскеге бөлінген, оның 5 учаскесі әкімдіктің қаулысына сәйкес, келесі облыстарда жүзеге асырылуға берілді: Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары», – деп мәлімдеді астаналық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасындағы табиғатты қорғау жобаларын перспективалық жоспармен басқару бөлімінің басшысы Азамат Жаңатаев.

Оның айтуынша, биыл Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Рысқұлов даңғылы, Қарақаралы тас жолы, Қонаев, Достық, Мақатаев көшелері бойында және Есіл өзені жағалауы мен Жасыл белдеу территориясы бойынша веложолдар пайда болмақ. Бар-жоғы жобаның 5 кезеңі іске асырылып, оның шеңберінде 2022 жылға дейін 1717 км веложол салыну жоспарланып отыр.

Оң жағалаудағы велосипед жолының құрылысы 2019 жылғы екінші кезектегі жобаны іске асыру кезінде басталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер