BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Тұрғын үйді пайдаланудың ең төменгі тарифі белгіленеді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тұрғын үйлерді пайдалану шығындарының ең төменгі мөлшерін белгілеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінде Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасында тұрғын үйді пайдалануда тұрғындар міндетті түрде төлеуі тиіс шығындардың ең төменгі тарифін анықтадық. Тұрғындар төлеуі тиіс сома жоғары және қосымша қызметтер болса жалпы жиналыста қарап, өздері шешім шығаратын болады. Мысалы, егер үйді аптасына екі рет жинау міндетті болып, ал тұрғындар 3 рет, не 5 рет жинау қажет деп шешім қабылдай алады. Алайда бұл оларға қосымша шығын әкелетіндіктен өздері шешуі тиіс», - деп атап өтті вице-министр.

Өскенбаевтың айтуынша, тариф бағасы әр аймақта әртүрлі болады және оны әр өңірдің жағдайына байланысты жергілікті мәслихат белгілейді.

«Тарифтерді әр үйдің жеке меншік иелері белгілеуі керек. Соған сай бүкіл үйге қарайтын ауласын, подъезді жинау секілді қажетті жұмыстарды күн сайын жасап тұруы қажет. Жергілікті мәслихаттарға осы жұмыстарды сіздер белгілейсіздер деп жатырмыз. Ең төменгі тарифті заңнамалық актімен анықтаймыз. Ал тарифті әрбір маслихат бекітеді. Ең төменгі тарифті тұрғындар міндетті түрде төлеуі тиіс. Егер тұрғындар күзет, шлагбаум секілді қызметтер керек десе бұл қосымша шығындарды жалпы жиналыста қарап, өздері шешім қабылдауы тиіс», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер