BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Astana LRT көлік картасынан екі мәрте ақша алынатынын жоққа шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Астана LRT компаниясы астаналықтардың автобуста жол жүру картасынан екі рет ақша алынатыны туралы шағымына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Серіктестік қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін жолаушылардан карта нөмірін сұратты. Компания мәліметінше, нәтижесінде жүйенің дұрыс істеп тұрғаны анықталған.

«Жөнсіз ақша ұстау орын алмаған. Астана LRT басшылығы жолаушыларға өз жолсапарларын қадағалап, картадағы ақшасын уақытында тексеріп, қажет болса, детализация сұрату керектігін еске салады» делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Астана LRT мәліметінше, таяу арада карта иелері өз қаражатын және жолсапарларын transcard.kz сайтындағы жеке кабинетінде өз бетінше қадағалап отыратын болады.

Еске сала кетейік, кеше астаналық жолаушылар көлік картасынан бір жолсапарға 90 теңгенің орнына 180 теңгеден ұсталатынын айтып, шағымданған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер