BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Фото: Хабар 24

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтар қашаннан бастап зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп ала алатындарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында ол бұл мәселе азаматтардың зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша қаржы реттеушісінің ұсыныстары шеңберінде үкімет пен бизнес қауымдастық тарапынан талқыланып жатқанын айтты.

«Бұл мүмкіндікке зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған, зейнетақы қорына еңбекке жарамсыз жаста тұрақты түрде табыспен қамтамасыз ете алатын жеткілікті сома жинаған салымшылар ие болуы мүмкін деп болжануда», - дейді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы алдың ала есептеулерге сәйкес, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттары арқылы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндігі бар 4000-ға жуық салымшы бар екендігін айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер